Тағы бір ауыл таза ауызсумен қамтылды
– Ел Президентінің бастамасымен қайтарылған активтер есебінен өңірде әлеуметтік инфрақұрылым жаңғыртылып, тұрғындар игілігіне қызмет ететін бірқатар нысан салынуда. Солардың бірі – бүгінгі ауызсу жүйесі. Көптен күткен бұл жобаның іске асуы – халықтың өмір сапасын арттыру жолындағы нақты қадам, – деді құттықтау сөзінде Нұрғалым Әбдіров.
– Бұл күнді ұзақ күттік. Бүгінгі күн – тек қуаныш емес, тарихи сәт. Ауылымызда осындай игілікті іс атқарған Мемлекетімізге, басшыларға шексіз алғысымды білдіремін! – деді ауыл ақсақалы Кендебай Оңғарбаев.