Табысы көл-көсір шаруашылық

0 450

Қолға алған кәсібін одан әрі дамытып, алға қойған ісінің аяқсыз қалмауын және әр ісіне тыңғылықты қарап, кәсібінің арқасында нәсібін тауып отырған кәсіпкер әйелдер ауданымызда аз емес.

Солардың бірі — Ақсүйек ауылдық округіндегі қой өсірумен айналысып отырған «Роза» шаруа қожалығының жетекшісі  Роза Исқақова.

Роза Исқакова  өз шаруашылығын  2015 жылы құрады. Бұған дейін  ол көптеген  қиыншылықтарды  басынан өткереді. 2010 жылы  асыраушысы, отбасының тірегінен айырылып, отағасы бастап берген шаруашылықты өз қолына алуына тура келеді. Бір жағынан бала тәрбиесі бар. Қой төлінен  еш  хабары  жоқ Роза апай, тәуекелге бел буып, өзі бағып көптеген қиыншылықтарды артқа қалдырады. Қой төлі туралы көптеген кітаптар оқып, семинар-курстарға  жазылып  тәжірибесін  шыңдай түседі.

Сонымен қатар мемелекеттік бағдараламалармен танысады. Сол бағдарламалардың  бірі — «Алтын асық» бағдарламасы. Осы бағдарлама арқылы  337 бас уақ мал, 17 бас асыл тұқымды қошқар алады.

Біз  шарауқожалқыққа барғанымызда, мал төлдету науқаны жүріп жатыр екен. Роза Смағұлқызының сөзіне сүйенсек 337 бастан, кем дегенде 250 бас төл аламыз дейді. Сондай-ақ  жем-шөпті  жеткізу  қиындықтар туғызатындыған да айтып қалды.

Шаруа қожалық 1 отбасының жұмыспен қамтып, келісім бойынша айлық жалақы беріп  отыр. Сондай — ақ сақман кезінде тағы 2-3 азамат көмекке келіпті. Шаруа қожалығы қарайырымдылық шараларғада белсене араласып, мерекелерде  ауыл тұрғындарын етпен қамасыз етеді.

Роза Искакова шаруа қожалықтан басқа, Алматы-Астана тас жолы бойында өзінің ұлының атымен аталатын  «Дүбек» атты  кофесін дөңгелетіп отыр. Ауылдық округте жалғыз жұмыс беруші болғандықтан, жазғы кездері студентер мен оқушылар өздерінің нәсібін тауып кетеді. Жалпы кафеханада 4 адамды  жұмыспен қамтып отыр.

Осындай қайсарлықты бойына жинаған Роза апайымызға алдығы жоспарларының орындалуын, ата кәсіпті абыроймен жалғастыра беруіне тілектеспіз.

Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.