Су үшін қақтығыс болған Қырғызстандағы Тоқтағұлда су мөлшері күрт азайды – видео

0 498
Қырғызстандағы Тоқтағұлдың қазіргі суы азайған кезі түсірілген видео Sputnik Қырғызстан сайтында жарияланды.

Видеода суқоймасының қақырап кепкен жағалауы анық көрінеді.

 

Тоқтағұл – елдегі электр қуатының шамамен 30 пайызын өндіретін Қырғызстандағы негізгі су электр станциясы. Ауа райы жылы мезгілде суқоймасы толтырылып, жиналған суды күз бен қыста пайдаланады.

Жалпы, Тоқтағұл су қоймасының су жинау көлемі – 19,5 миллиард текше метр.

«Ал егер су қоры 5,5 миллиард текше метрге дейін азайса («өлі деңгей»), станция электр қуатын өндіре алмайды» делінген Sputnik Қырғызстанда жарияланған видеода.

Бұған дейін су үшін болған қырғыз-тәжік қақтығысының мән-жайын жазған болатынбыз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.