Спорт саласында серпін бар

0 166

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында: «Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет.

Қаржы тапшылығы кезінде мемлекет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квази­мемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда.

Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет», деп саланың дамуына тың серпін беру мақсатында бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Бүгінгі таңда Жолдау жүктеген міндеттер шеңберінде талай талантты спортшыны тудырған, топырағы киелі Талас ауданында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Жалпы есепті мерзімде ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 33,5 пайызға немесе 18 мың 367 адамды құрап отыр. Сонымен қатар дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 6 мың 331 адамға жетіпті.

Аудан көлемінде 6 спорт мекемесі жұмыс атқаруда. Аудандағы спорт мекемелерінде спорттың 17 түрі қамтылып отыр. Оның ішінде 11 олимпиадалық, 5 олимпиадалық емес және 2 ұлттық спорт түрі үйірмелері қызмет атқаруда.

Спорт мекемелеріндегі 7-ден 18 жасқа дейінгі спортпен шұғылдану көрсеткіші 25,5 пайызды немесе 2 мың 162 баланы құраған. (оның ішінде БЖСМ-де — 1829 бала, аула клубында 333 бала).

Жалпы, ауданда бүгінгі таңда 219 спорт нысанды құрады. Олардың қатарында 1 стадион, 1 спорт кешені, 35 спорт зал, 85 футбол алаңы, 90 спорт алаңшалары, 1 ату тирі және 6 икемделген спортзалдар бар.

Аудан тұрғындарының бұқаралық спортпен тұрақты түрде шұғылдану мақсатында спорт нысандарға қолжетімділігін арттыру жұмыстары жүргізу үшін аудандық спорт нысандарына тұрақты мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. Бөлім тарапынан жыл басында ауылдық округ әкімдері, арнаулы білім беру ұйымдары және тиісті мекемелермен 2 жақты меморандумдарға қол қойылыпты.

Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына спортпен тұрақты түрде шұғылдану үшін 217-ы қолжетімді спорт нысаны анықталып отыр. Оның 70-і Қаратау қаласында, 149-ы ауылдарда орналасқан. Спорт нысандарға спортпен тұрақты шұғылдануы үшін арнайы кестелер жасалып, оны «Талас тынысы» газетінің 2021 жылдың 27 сәуірдегі, 14 мамырдағы №31, 34 нөмерлері мен аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

2021 жылы аудан бойынша барлығы 67 бұқаралық-спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 3000-ға жуық адам қамтылған.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жамбыл облысында іске асырылатын 30 жоба жол картасына сәйкес «30 жаңа «Street workout» алаңы» жобасы бойынша Майтөбе ауылында жеке кәсіпкердің демеушілігімен «Street Workout» алаңшасын орнату жұмыстары аяқталды, ал Қаратау қаласында алаңшаны орнату үшін жер анықтау жұмыстары жүргізіліп, шілде айында жұмыстар толық аяқталады деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.