«Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа қарсы тергеу басталды»

0 1 272

Әбдірахымовқа қарсы рейдерлік шабуыл фактісі бойынша тергеу басталды. Бұл туралы белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Кәрім Мәсімов пен Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты «рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.

Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет вице-министрі, бұған дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі және Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Рейдерлік әрекет бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс тіркелді деген ақпарат шыққандықтан, Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов фейсбук арқылы жарияланатын мәлімдеме мәтінін дайындай бастады. Онда істің анық-қанығы айтылып, Ғабидолланың істегі статусы бойынша толық мәлімет берілмек.
Ғабидолла ресми түрде жұмыссыз. Бірақ жақында ол мемлекеттік қызмет реформасы туралы өз ойларын білдірмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.