Шымкентте бір отбасының 3 баласы қаза болды

0 2 157

Шымкентте үш бала көліктің жүксалғышында тұншығып қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 мамырда болған.

«Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 пультіне үш жас баланың автокөліктің жүксалғышында тұншыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері шықты. Анықталғандай ата-анасы болмаған балалар жүксалғышқа көтеріліп, есікті жауып алған содан кейін қайта шыға алмай тұншығып қалған», – делінген хабарламада.

Екеуі оқиға орнында қайтыс болды, ал үшінші бала бүгін реанимацияда көз жұмды.
Көршілерінің айтуынша, көлік ескіріп, аулада тұрған. Ағайынды үшеудің екеуі – ұл, біреуі – қыз. Екі бала мектеп жасында болған.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.