Шығыс Қазақстан облысының әкімі ауысады

0 7 121

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қыркүйек айында Даниал Ахметовтың орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалады.

Бұл туралы «ABZHAN NEWS» telegram-арнасына сілтеме беріп kaz.orda.kz. хабарлайды.
«Кейбір мәліметтер бойынша, қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр тағайындалады.
Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысының қазіргі әкімі Даниал Ахметов сенат депутаты болады. Расында, құрметті зейнеткерлер әдетте парламенттің жоғарғы палатасына жіберіледі» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, басқа дереккөз бұл ақпаратты жалған деді.

«Менің бір дереккөзім бұл инсайдерді фейк деп атады: Склярды ұлтына байланысты Шығыс Қазақстанға ешқашан әкім етіп тағайындамайды. Онда қазіргі вице-премьерлердің ешқайсысы тағайындалмайды. Ахметовтың орнына оңтүстік облыстардың бірінің қазағы облыс басшылығына тағайындалуы әбден мүмкін.
Тағы бір дереккөз Скляр-Ахметовтың кастингі туралы қауесеттер көптен бері айтылып жүргенін, бірақ қыркүйек туралы айту әлі ерте екенін айтады: «шынайы қауесет» тағайындауларға бір-екі күн қалғанда пайда болады» делінген хабарламада.
Бұл туралы ешқандай ресми мәлімдеме әзірге жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.