Шығанақ ауылында интернет жылдамдығы арттырылады

0 299

Ауылдың жағдайы елдің келешегіне тікелей байланысты. Қазір ауылдық елді — мекендерге қолдау жан-жақты. Осы ретте «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп алды.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Б. Қалымбетов, М. Белгiмбаев, Ж. Бұхарбаевтар мен партияның сенiмдi өкілдері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында ауданымыздан шалғай орналасқан Шығанақ ауылдық округіндегi көп балалы аналармен кездесу өткізді. Кездесуде үміткерлер сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарлары енгізілгенiн, дәлірек айтқанда, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алғандығын тiлге тиек етіп, ауыл тұрғындарының сұрақтарына құлақ түрдi. Мектеп жасындағы балаларын оқытып отырған аналар округтегi интернет жылдамдығының төмендiгiн айтып, ұсыныстарын жеткіздi. Алдағы уақытта бұл мәселені көп күттiрмей шешілетінін айтқан Б. Алдасүгірұлы сайлау науқанының қазіргі жағдайы туралы ақпараттар беріп, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға көп балалы аналар қауымын белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде аналар да партияға деген шынайы қолдауларын білдіріп, сайлауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тілектестігін білдірді.

 

«Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық Сайлау қорынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.