Шулықтар Ұлттық біріңғай тестілеу өткізуге дайын

0 278
Шу ауданының әкімі Нұржан Календерор Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін орталықтың жұмыстарымен танысты. Биыл түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта тапсырады. Білім сынағы тестілеу орталығында өткізіледі. Ол үшін орталық Төле би ауылынан «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығы ашылған болатын. Аталған орталық 100 компьютер, әр тест тапсырушы түлекті бақылайтын 100 жеке бейнебақылау, жалпы бақылауға 6 бейнебақылаумен қоса 2 металл​ іздегіш, 1 рамалы детектор құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар аталған ғимаратта санитарлық талаптарға сай қажетті құрылғылар жеткілікті. Мәселен биометриялық планшеттер автоматты түрде тест тапсырушының дене қызуын көрсетіп, қай орынға жайғасатындығын анықтап береді. Орталық жұмысын аудан әкіміне білім бөлімінің басшысы Мүбарак Қасымқызы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Айта кетерлігі, осы жылы 953 оқушы 11 сыныпты аяқтайды. Оның 721 (75,65%) оқушысы қаңтар айында ұлттық тестке қатысып, орташа балл 60,5-ті құраған. Ал, наурыз-сәуір айларында өткізілген тестілеуде 658 оқушы қатысып, орташа баллдық есебі 72,15 көрсеткішке ие болған. Ендігі кезекте мемлекеттік грантқа тапсыру үшін мамыр-маусым айларына тестілеуге қатысатындарды тіркеу жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.