Шетелдегі қазақстандықтар eGov.kz жаңа 5 қызметін пайдалана алады

0 305
Шетелдегі қазақстандықтар eGov.kz жаңа 5 қызметін пайдалана алады.

 

Енді шетелде жүргендер некеге тұруға немесе оны бұзуға, тууды, қайтыс болуды тіркеуге және атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруға құжаттар тапсыра алады.

Актілік жазбаның тіркелгені туралы Қазақстанның тиісті шет елдердегі мекемесінен хабарлама алған кезде өтініш беруші дайын куәлікті Қазақстанның шет елдердегі елшілігінен немесе консулдығынан алуы қажет. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндік әлемнің 20-дан астам нүктесінде бар. Қызметтерді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Сыртқы істер министрлігімен және Әділет министрлігімен бірлесіп іске асырды.

eGov.kz. порталының «Отбасы» бөлімінде неке қиюды немесе оны бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тиісті қызметті табу, қажетті жолдарды толтыру және консулдық алым төлемі туралы чекті жүктеу, бұдан әрі ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет. Ерлі-зайыптының бірінің жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі. Ол жерде өтініммен келісу қажет екені көрсетілген. Екінші тарап та қажетті ақпаратты толтырып, сұрауға қол қояды. Қызмет көрсету мерзімі – 1 ай.

Ал шетелде баланың тууын тіркеуге 3 жұмыс күні кетеді. Ал атын, тегін, әкесінің атын өзгерту 30 күнге созылады. Қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамның ЖСН-ін көрсету, қажетті жолдарды толтыру және сұрау салуға қол қою қажет. Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.