СЕНБІЛІК — ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ

0 48
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгін ауданда толассыз жауған жауын-шашын мен қолайсыз ауа райына байланысты туындауы мүмкін су басу қаупінің алдын алу мақсатында, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы аудандық сенбілік өткізілді.
Құмарық ауылына 70 ке жуық ерікті жастар, коммуналдық қызметтер мен әкімдік қызметкерлері және 10 арнайы техника жұмылдырылып, ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Мұндай шаралар ауданның басқа да ауылдық округтерінде де ұйымдастырылып, жалпы 400 ге жуық адам, 12 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, ауданның 14 ауылдық округінде де сенбілік өткізіліп, арық-атыздар, көпірлер мен дренаждық каналдар тазартылып, саябақтар мен скверлерде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.