Сенбілік — денсаулық кепілі

0 546

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

Осы орайда бүгінгі ұйымдастырылған сенбілік аудан тынысының кеңеюіне үлесін қосуда.

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев бастаған тазалық жанашырлары аз уақыттың ішінде айналаны тазартып, аудан келбетінің келісті болуы үшін тер төкті.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Соның ішінде, қаланың кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді.

Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Құрметті аудан тұрғындары!

Жалпы әр күн, әр ай тазалық күні, тазалық айы болуы тиіс.

Туған өлкеміздің тазалығы сенбілік шараларымен шектеліп қалмауы керек.

Сондықтан әрбіріңізді тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналамыздың ажарлана түсуіне үлес қосуға шақырамыз.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.