Сейтхан Жошыбаев: «Адал еңбек пен шын ниет үшін дауыс бердім»
Сейтхан Жошыбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында біз таза және әділетті Қазақстанды тек дені сау қоғаммен, дені сау ұрпақпен ғана құра алатынымызды алға тартып, өскелең ұрпақсы салауатты өмір салтын берік ұстануға үндеді.
– Бірінші байлық – денсаулық. Он екі мүшесі сау, ақыл-парасаты биік азаматтарды қалыптастыра түсу үшін экономикасы берік, даму импульсі тұрақты мемлекетті құруға жыл өткен сайын күш салуымыз керек. Ал, бұл Құрылтай сайлауы – сол жұмыстың басы ғана деп білемін. Сол үшін бүгін қым-қуыт тірліктен уақыт тауып, өз дауысымды беруді жөн санадым, – дейді абыз ақсақал.
Айта кетейік, еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.