Саулықты емес, қалтасын ойлаған мейрамхана

0 248

Елімізде аты жаман індет қайта белең алып, жұқтырғандар қатары күннен-күнге көбейе бастады. Халықаралық сарапшылар дабыл қағып, сақтанудың маңыздылығын айтуда.
Жақынынан айырылған азаматтар халық көп шоғырланған орындардан алшақ жүріп, бетперде режимін сақтап жүр. Өйткені, күні кеше көзі көрген жақыны санитарлық талапты орындамағаны салдарынан ажал құшып, мына өмірмен қош айтысқан еді. Міне, осы көрініс оның есінде көпке дейін сақталатыны сөзсіз.
Әйтсе де қоғам арасында жұқпалы дерттің бар екеніне сенбеушілік танытып, талаптарға немқұрайды қарайтын азаматтар бар.

Ауданда азық-түлік дүкендеріне, мейрамханаларға аудан әкімдігі жанынан індетті алдын алу мақсатында құрылған шұғыл топ мүшелері түсіндіру жұмыстарын мейлінше көп жүргізіп келеді.

Соның ішінде той жасауға, халықты көптеп жинауға рұқсат етілмейді деген хабарды шұғыл топ аудан орталығы «Аида» мейрамханасына да естіртіп, ескерткен болатын. Бірақ, мейрамхана иесі елдің денсаулығын емес қалта қамын бірінші орынға қоятын секілді. 60-тан астам көпшілікті қуықтай залға сыйдырып, «Бесік той» тойына рұқсат берген. Қараша халықтың арасында жасы шау тартқан тұрғындардан бөлек, кішкентай бүлдіршіндерге дейін жиналған. Бетперде тағылмаған, арақашықтық сақталмаған нысанға зерделеу жүргізген шұғыл топ мүшелерін ысырып, итеріп шығармақшы болды. Тойды тоқтату үшін мұндағылар құқық қорғау органының қызметкерлеріне жүгінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.