Сауатты жарнама – тілге құрмет

0 248

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңының 21-бабы, «Жарнама туралы» Заңның 6-бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі   ақпарат тілін реттеу – бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі.

Жалпы, жарнама жасау, тарату, оларды орналастыру мәселесі Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» Заңымен реттеледі. Заңның негізгі мақсаты – жөнсіз жарнамаға жол бермеу және оларға тыйым салу болып табылады. Қазақстан Рес­публикасының аумағында жарнама мемлекеттік тілде және орыс тілінде таратылатындықтан, жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауы тиіс.

2021 жылы облыс әкімдігінің тіл­дерді дамыту басқармасы мен аудан әкімдігінің арасындағы көрнекі ақ­па­рат­тарда мемлекеттік тілдің пайда­ла­нылуы дәрежесі — 82% деп белгіленген.

Ағымдағы жылдың І жартыжыл­дығының қорытындысы бойынша зер­деленуі қажет 342 көрнекі ақ­парат­тан 49 қателік анықталып,                                                           І жар­тыжылдыққа бекітілген келісім 84,5% орын­далып отыр.

Сонымен қатар, жарнама тілін реттеу мақсатында ауылдар мен Қаратау  қаласында «Сауатты жарнама», «Қала келбеті-көрнекі ақпарат» акциялары өткізіліп, нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бөлімнің жылдық жоспарына сәйкес, Қаратау қаласындағы сауда және тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету орындары мен қоғамдық жолаушылар тасымалдау автокөліктерінде көрсетілетін барлық қызмет түрлерінің Қазақстан Республикасы «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуына зерделеу жүргізіліп, барлық кәсіпкерлік нысан иелеріне әдістемелік көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама талаптары жазылған ақпараттық парақша таратылды.

Ағымдағы жылдың 1 ақпан – 1 наурыз аралығында өткізілген «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық» атты облыстық айлық аясында Қаратау қаласы, Берікқара, Қасқабұлақ, Қаратау және Көктал ауылдық округтерінде орналасқан сыртқы жарнамалық құралдарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Басты кемшілік – Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21- бабы (Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі) мен «Жарнама туралы» Заңның 6.2-бабының талаптарының сақталмауы, яғни көрнекі ақпараттардың            1 тілде, тек ресми тілде жазылуы, орналастыру реттілігінің бұзылуы болып отыр.

Қорытындылай келе, ауданымыздағы жеке кәсіпкерлерді тіл тазалығын сақтауға шақырамыз.

А.Мақұлбек,

аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.