Сарысулық шаруалардың өнімі Елорда төрінде

0 147

Нұр-Сұлтан төрінде өтетін жәрмеңкеге сарысулық шаруалардың да өнімдері жөнелтілді
Облыстың барлық ауданынан 500-ге жуық тонна өнім жүк көлігіне тиеліп, елордаға жөнелтілді.
Алдағы күндері өтетін Нұр-Сұлтан қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Сарысу ауданынан аттанған шаруалар да өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға нарықтан 10-20% төмен бағада ұсынатын болады.
Азық-түлік тауарларының ішінде 1 тонна сиыр еті, 800 кг қой еті, 750 кг жылқы етімен қатар 500 кг сүт және ауданнан өндірілетін 400 кг тұз өнімдері ауданнан сатылымға шығарылады.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.