Сарысуда жұмыстар жүйелі

0 139
Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің күн тәртібінде білім беру мекемелерінің қысқы маусымға дайындығы, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың жүйесі, Қамқалы ауылдық округінің 2022-2023 жылдарға даму жоспары мен ауылдарда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, «Отбасы картасы» ақпараттық жүйесіне мәліметтердің енгізілуі туралы баяндамалар тыңдалды.
Сарысу ауданының білім бөліміне қарасты 46 мекеме бар. Аталған мекемелерді жылыту маусымына дайындау мақсатында ішкі жылу жүйелері мен жылу қазандықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары толық жүргізілген.
Қатты отын (көмір) жағатын 25 қазандық бар, барлығында сақтық (резервный) қазандықтармен қамтылған, отын бойынша қажеттілік 25 білім беру ұйымдарына 5815 тонна, оның ішінде 16 мектепке – 4510 тонна, 5 қосымша білім беру мекемелеріне 431 тонна және 4 бөбекжай-бақшаларына 874 тонна бөлінген.
Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған білім беру ұйымдарының барлығында Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жаңатас-су-жылу» ШЖҚ КМК екіжақты келісім шарт жасалған.
«Эксилон Энерджи» ЖШС екіжақты келісім шарт жасалынып, 102 от жағатын машинист пен операторлардың барлығы қайта даярлық курстарынан өтсе, «Ұлттық сараптау және сертификаттау» орталығы 136 термометр және 173 манометр құрылғыларын тексеруден өткізген.
Ауданда жалпы 525,57 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның ішінде облыстық маңызы бар – 271,8 шақырым, аудандық маңызы бар – 64,87 шқ жол /19 жол/, көше-жол желісі – 188,8 шқ.
2022 жылда «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қолдау тапқан 15 автожолға орта жөндеуге 218 347,6 мың теңге қаржы қаралған (Республикалық бюджеттен 90 пайыз яғни 196 514,6 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 10 пайыз яғни 21 833,0 мың теңге), ұзындығы – 9,035 шқ. Бүгінгі күнде Жайылма ауылындағы 4 көше, Қызылдихан ауылындағы 1 көше және Саудакент аулындағы 7 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталған.
Жамбыл облысы «Ұлттық жол сапа орталығы» зертхана қорытындысын өткізіп алу үшін аудандық бюджетке 4,7 млн теңге қаржы қарастырылған.
Қамқалы ауылдық округінде қазіргі уақытта 2 083 бас МІҚ, 16 161 бас қой-ешкі, 167 бас түйе, 735 бас жылқы, 650 бас құс өсірілуде. Аймақта 7 шаруа қожалықтары тіркелсе, 3 шаруашылық мал өсірумен айналысады.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша мүйізді ірі қараны асылдандыру бағыты бойынша «Рәш», «Айдар-Нұр» және «Орман-77» Шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқа өсіруде.
Аудан халқының саны бүгінгі күні 44 661 адамды құрап отыр. Оның ішінде, экономикалық белсенді тұрғындар саны -20 474.
Әлеуметтік кодекс жобасы аясында 1 қыркүйектен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Бұл ақпараттық жүйе азаматтарға проактивті форматта, яғни алушының өтінішін күтпей-ақ көмек көрсетуді көздейді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендете отырып, қызметті жеделдетуге және тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру кезеңдері түсіндіріліп, проактивті қызметтің тиімділігі айтылды. Осы жұмыстар аясында ағымдағы жылдың 7 маусымында отбасының цифрлық картасын нақтылау үшін аудан әкімінің өкімі негізінде арнайы жұмысшы топ құрылып, Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдерімен бірге «Отбасылық цифрлық карта» аясында аудан бойынша барлығы 1 245 адам зерделеніп, базадағы жеке ақпараттар жаңартылған.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Leave A Reply

Your email address will not be published.