Сарысуда жасөспірімдер арасында футзалдан облыстық турнир басталды

0 290

Бүгін Сарысуда 1 наурыз – «Алғыс айту күні» мерекесіне орай, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, спорт ардагері Еркебаев Әнуар Икрамұлын еске алуға арналған футзалдан облыстық ашық турнир өтуде.

2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында дәстүрлі түрде өтетін спорттық іс-шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев пен аудандық мәслихат хатшысы Асанбай Сейналиев және бірқатар спорт жанашырлары қатысты.

Жиында алғаш болып сөз алған аудан басшысы Марат Қырғызәліұлы жасөспірімдерге адам денсаулығына спортпен тұрақты түрде айналысудың маңызын айта келіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш турнирге Тараз қаласы мен Байзақ, Шолаққорған, Түлкібас, Қаратау, Таукент, Қарабұлақ, Түймекент, Белбасар және жергілікті елді мекендерден қатысқан 15 команда жүлделі орындарды сарапқа салуда. Үш күнге жоспарланған турнирдің қорытындысын алдағы уақытта жариялайтын боламыз.

Айта кетейік, өткен 2021 жылы ауданда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында 208 спорттық іс-шара өтті.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.