Сарысуда қабылдауға келген тұрғындардың мәселесі тыңдалды

0 82
Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев кезекті қоғамдық қабылдауға жазылған халық үніне құлақ түрді. Қабылдауға келген тұрғындардың бірі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын айтса, енді бірі баспана мәселесін қозғады.
Әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдаған аудан басшысы тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берді. Жұмыс мәселесімен келген А есімді азаматшаның бос орындар жәрмеңкесінде ұсынылған вакансияның біріне орналастыру бойынша уәде берді. Бір көмектің болатынына сеніп келген көпбалалы ананың қуанышында шек болмады.
Құжаттарын заңдастыру бойынша өтінішпен келген тұрғындарға бағыт-бағдар беріп, тиісті мекемелерге жүгінуді жеткізді.
Сондай-ақ аудан әкімі жауапты тұлғаларға жыл басынан бері қоғамдық қабылдауда қаралған мәселелерге мониторинг жүргізіп, әр бағыт бойынша зерделеуді тапсырды.
Өтініштерді тікелей бақылауға алып, ұсыныс-пікірлерін арқалай келген азаматтардың шешімін таппай жүрген мәселесін көп күттірмей шешетіндігін атап өтті.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Leave A Reply

Your email address will not be published.