Сарысу ауданында жыл басынан бері 66 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтты

0 72
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отырғанына тоқталып, мұндай жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуге тапсырма берген. 

 

Осыған орай, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Сарысу ауданы әкімдігі мен аудан прокуратурасының бірлескен жоспары аясында пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қолға алып, нақты жұмыстар атқарды.

 

Нәтижесінде,  жыл басында 6 мың гектар жер қайтарылса, бүгін  60 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті.

 

Жеке шаруашылықтар үшін жайылымдық жер тапшылығы мәселесі өте өзекті. Мемлекеттік органдар ірі меншік иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,  нақты шешімдер қабылдап, алдағы уақытта да жұмыстарды жалғастырады.

Жерді пайдалануға ел азаматтарының бәрі тең құқылы.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.