Сарысу ауданы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары тағайындалды

0 67

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің өкімімен Сарысу ауданы әкімінің орынбасары болып Еркебүлан Нұрғалиұлы Есмаханов тағайындалды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі.

Есмаханов Еркебұлан Нұрғалиұлы 1988 жылдың 24 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген.

БІЛІМІ:
1995 – 2006 жылдар аралығында Саудакент ауылындағы Байқадам орта мектебінде орта білім алып, 2007 – 2011 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша жоғары білім алып шықты.

2020-2022 жылдары Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Құқықтану» мамандығы бойынша қашықтан оқыту әдісімен білім алған

ЖҰМЫС ӨТІЛІ:
2012 жылдың қаңтар-маусым айларында Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде Жастар тәжірибесінен өтті.
2012 жылдың шілдесінен 2013 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Жамбыл облысы дін істері департаментінде жетекші маман лауазымын атқарды.
2013 жылдың шілдесінен 2019 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облыс әкімдігінің дін істері басқармасында бас маман, бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.
2019 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы қызметін атқаруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.