«Сапалы жол» жобасы

0 318

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент басшысы Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев «AntikorLive» жобасы аясында берген онлайн сұқбат берді. Сұқбат барысында «Сапалы жол» жобасы да талқыланды.
Әділхан Хасымханұлының айтуынша, Мемлекет басшысы өз жолдауында біз мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдауымыз керек деген болатын. «Сапалы жол» жобасының қоғамдық бақылау институтын іске асырылуына толық үйлеседі.
Жоба аясында жыл басынан бері 73 іс-шара ұйымдастырылып, қоғамдық мониторинг негізінде 70-ке жуык кемшілік анықталып, жол жабындыларын қалыпқа келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.
Одан бөлек рейдтік іс-шаралар қорытындысымен жол жабындыларын зақымдау және қауіпсіздікті қамтамасыз етпеу бойынша 56 әкімшілік хаттама толтырылып 5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ал, арнайы мониторингтік топ өкілдерінің қатысуымен облыс аумағындағы тас жолдарында жүргізілген рейдтік шаралар нәтижесінде шамадан тыс жүк тасымалдаған жүргізушілерге 69 әкімшілік хаттама толтырылып, 11 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Демек, қандай да бір жағдай болмасын құқық бұзушылық орын алып жатса, қоғам оған бейтараптылықпен қарамауы қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.