Сабина Алтынбекова әлемдегі ең әдемі қыздардың тізіміне кірді

0 251

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова «2021 жылдың ең әдемі 100 келбеті» тізіміне енуге ұсынылды.

«Сабина Алтынбекова «The 100 Most Beautiful Faces of 2021″ атағына ұсынылды. Құттықтаймыз!» – деп хабарлады TC Candler Instagram-дағы профилінде.

Сабинадан басқа үміткерлер қатарына Эмма Уотсон, Селена Гомес, Галь Гадот, Тейлор Свифт, Марго Робби, Скарлетт Йоханссон және басқалары енген.

Ерлер арасында – қазақстандық әнші Азамат Ашмакин, Криштиану Роналду, Киану Ривз, Дуэйн Джонсон, Дэвид Бекхэм, Зейн Малик, Дэниэль Рэдклифф, Том Круз бар.

TC Candler – ойын-сауық порталы, ол жыл сайын (1990 жылдан бастап) өткен жылдың «100 ең әдемі тұлға» рейтингін жариялайды.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.