Рухани жаңғыру – ертеңіміздің кепілі

0 102

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисы мамандарының қатысуымен 2021 жылдың 2 наурыз күні аудандық мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сапалы іске асыру мақсатында арнайы оқыту семинары өтті. Семинарға Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі басшысының орынбасары Өмірбеков Данияр Маратұлы, Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қалмұратов Алимжан Елдосұлы, Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жобаларды ілгерілету бөлімінің консультанты Шабан Назым Нұржанқызы, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияров Ернұр Берікұлының қатысуымен өтті.
Кездесу барысында қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар мен жаңа жобалардың перспективалары және тағы басқа мәселелер қаралды. Мемлекеттің сананы жаңғырту жөніндегі іс-шараларында сараланған көзқарас болуы қажеттілігіне, өңірдегі жұмыс істеудің маңыздылығына, жаңа жобаларды дамытуға және тағы басқа салалық өзекті мәселелерге барынша назар аударылды. Себебі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеологиялық жұмыстың негізгі бағыты ретінде үнемі күн тәртібінде болуы тиіс.
Елдегі төтенше жағдай шараларына байланысты біраз жоспарларды шегеруге тура келгенімен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеологиялық жұмыстың негізгі бағыты ретінде өз жұмысын жалғастырмақ.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстардың жобасын саралап, салалық бағыттарға жауапты мемлекеттік мекемелердің міндеттерін тағы бір мәрте нақтылап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.