Ресей Қорғаныс министрі «Қайтадан Кеңес Одағын құрамыз, ешкім ешқайда кетпейді»

0 1 421

Әлеуметтік желіде РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгудің әскерилердің алдында «КСРО-ны қайта қалпына келтіреміз» деп сөйлеген сөзі кең тарап кетті. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.

«Бұның бәрі уақытша. Біздің еліміз қайтадан үлкен және мықты болады. Қайтадан Кеңес Одағы орнайды және ешкім ешқайда кетпейді. Барлығы бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Мен осы оқиғалардың барлығы шынымен тарихта қалғанын және ешқашан қайталанбағанын қалаймын»,- деп мәлімдеді Шойгу.

Белгілі болғандай, РФ Қорғаныс министрі бұл сөзді 14 шілдеде Ресейдің Оңтүстік Осетияда «бітімгершілік операциясының» басталуының 30 жылдығына орай айтқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.