«Қытайдың құлы»: Серікжан Біләш Димашты өткір сынады

0 2 192

Cаясаткер Серікжан Біләш әнші Димаш Құдайбергенді «Қытайдың құлы» деп сынға алды, – деп жазды kaz.orda.kz.

Бұл туралы ол YouTube арнасындағы бейнежазбаларының бірінде айтты.

«Қытайдың сахнасында ақша тапқан біздің шыңғырбай Америкадағы қаралардың құқығын қорғайық деп шықты. Ол Қытайда сахнада шыңғырып ән айтып жүргенде, Қытайда түрмеде жарты миллион қазақ шыңғырып жатыр. Ол шыңғырып Қытайдың тонна, тонна юанын алып жатқанда, Қытайдың 700 мың қазағы түрмеде шыңғырып жатыр. Қандай арсыздық?! Бұдан өткен арсыздық бола ма?! Бұдан өткен намыссыздық бола ма?! Бұл ақшаның, Қытайдың құлы екенін дәлелдеу» деді Серікжан Біләш.

Leave A Reply

Your email address will not be published.