Қырғызстанда тағы бір қызды алып қашып кетті (видео)

0 338

 Қырғызстанда тағы бір бойжеткенді алып қашып кетті. 26 жастағы Изат Құрбанованың туыстары оның ұрланғаны туралы полицияға шағымданған

 

Бойжеткенді әлдебіреулер Бішкектің маңында сағат 23:00-ге таман алып қашып кеткен. Оны ұрлаған сәт видеоға түсіп қалған. Әпкесін белгісіз біреулер Toyota Estima көлігіне салып, алып қашқаны туралы хабарды бойжеткеннің сіңілісі полицияға жеткізген.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілердің тұлғасы анықталған.

Жоғалған қыздың туыстары «күйеу жігіттің» жақындары хабар айтып келгенін жеткізді.

«Қазір біз оның қайда екенін білмейміз. Бірақ жігітің туыстары келіп, алып қашқан қыздың тұрмысқа шығуға рұқсатын бергенін айтты. Бірақ Изаттың ата-анасы үзілді-кесілді қарсы болып, қыздарымен жүздескілері келетінін айтты», — деді бойжеткеннің туыстары.

Айта кетейік, бұған дейін 5 сәуірде Қырғызстанда 27 жастағы Айзада Қанатбекованы алып қашып кеткені белгілі болған еді. Бойжеткеннің екі күннен кейін көлікте мәйіті табылған. Кейіннен оның зорланғаны анықталған.

stan.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.