Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда

0 82

Құқық бұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Құқықбұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.
Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз.
Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды.
Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандағы білім саласымен біргелікте түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып келеді.
Осы тұста жоғары сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, алдын алу және оны болдырмау мақсатында нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, осы мақсатта құқық бұзушылықтың алдын алу және олармен күресу жолдары бойынша жиындар жиі өткізілуде.
Осындай маңызды мәселелерге байланысты менің төрағалық етуіммен Талас аудандық құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының мекемеаралық мәжілісі өтті.
Күн тәртібінде биылғы үш айда қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының , отбасы-тұрмыстық салада және кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша уәкелетті органдармен қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі және алдағы уақыттағы міндеттері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан прокурорының орынбасары А. Тилешов, аудан әкімінің орынбасары А. Абдибекова, аудандық ПБ бастығының
бірінші орынбасары М. Қожахметов, аудандық білім бөлімінің басшысы М.Қазанғапов баяндама жасады. Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, атқарылған жұмыстар сараланды. Қашанда тәрбие мәселесі басты орында. Жалпы балалардың жақсы білім алып қана қоймай, қоғамға үлесі тиетін үлгілі, тәрбиелі азамат болып қалыптасуы үшін тиісті іс-шара жоспары жасалған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елде құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігіне баса мән берген болатын. Әсіресе отбасында болатын зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде қарау да күн тәртібіне қойған болатын.
Президентіміз Түркістан қаласында өткен құрылтайда «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет.
Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс» дей келіп, олардың ел заңдарын сақтауына көңіл бөлген болатын.
Осы мақсатта мектепте ұйымдастырылған іс-шара арқылы балалардың сауатын арттыруды және отбасында орын алатын зорлық-зомблықтың жолын кесу мақсатын көздеп отырмыз, оқушыларға заң талаптарын түсіндіруге тырыстық.
Ескерту ретінде кәмелетке толмағандар арасында және кәмелетке толмағандарға қатысты буллингтің, жәбірленудің, зорлықтың, қатыгездіктің алдын алу жөнінде кәмелетке толмағандардың вэйпарды, электронды темекілерді, темекі бұйымдарын, кальяндарды пайдаланудың және нашақорлықтың алдын алу, кешкі мезгілдерде жалғыз жүрмеу, бейтаныс адаммен сөйлеспеу, сабақ кезінде қалаға, тойханаларға бармау, жол көлік ережесін сақтау, көлік айдамау туралы барынша мағұлматтар беріліп келеді.
Кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені жиі ұйымдастырылып отырады.
Дәйекті мысалдарды келтіре отырып, жасөспірімдерді тура жолдан тайқымауға керісінше, мүмкіндік бар кезде орта білім алуға шақырудамыз.
Қашанда құқықтық тұрғыдан сауатты болып, заң талаптарын жетік білген жасөсіпірімдер ешқашан теріс әрекеттерге бармайды. Заңды білмеу ешкімді жауапкершіліктен босатпайды.
Сондықтан кез-келген жағдайды сараптап, қай кезде және қай жерде болсын саналы әрекет еткен дұрыс.
Ал, мұндай теріс әрекеттерге жол берген жағдайда жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстардың санатына және дәрежесіне қарай олар 14 және 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Мұның салдары өте жаман. Қылмысты жасаған кез-келген азамат өз өміріне, болашағына балта шабады. Бұл – оның ұрпағына да зор зиянын тигізеді. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте, құқық қорғау орындарында және басқа да білім беру, денсаулық сақтау салаларында жұмыс істей алмайды.
Жасөспірімдермен өтіп келе жатқан жиындарда оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптар алып келеді. Осындай құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге білім саласындағы жасөсіпірімдердің құқықтық сауатын арттыру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады?
Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады.
Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады.
Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады.
Дегенмен тәрбиесі мол. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.
Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар.
Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-жақты сезіну керек.

Ж.Науатов,
Талас ауданының прокуроры

Leave A Reply

Your email address will not be published.