«Қос қарлығаш» Қаратауда ән салды

0 135

«Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-де Алғыс айту күніне орай «Қос қарлығаш» ән байқауы өтті. Шараға Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының өнерпаздары, Орталық тәлімгерлері, ата-аналар және БАҚ өкілдері қатысты. Байқаудың ерекшелігі сол, орталық қызметкерлері мен қызмет алушы бүлдіршіндер жұптасып, жанды дауыста өнер көрсетті.
Байқау барысында бес жұп сынға түсіп, «Ұстаз-ана», «Әкеге алғыс», «Мамина улыбка», «Бір досым бар», «Туған жер» тақырыптарындағы әсем әндерді әуелете шырқады. Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен тәрбиеші Камшат Адильбекова мен қызмет алушы Бекарыс Канибек жұбы жүзден жүйрік шығып, бас жүлдені иеленді. Басқа жұптардың барлығы да арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Шара соңында Орталық директоры Назым Сейдалиева байқауға қатысушыларға, қонақтарға және көрермендерге алғыс білдіріп, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ әділ қазылар алқасының мүшелері болған, байқауға демеушілік жасаған ауданның өнер тарландары Манас Назаров пен Қуаныш Ылиясов та аталмыш шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушы балаларға әкелген арнайы сый-сияпаттарын табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.