Қоршаған ортаны қорғау – әрбіріміздің парызымыз
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Орманның айналадағы қоршаған ортаға да үлкен әсері бар. Әсем тауларымыз бен ормандарымыз арнайы демалу орнына айналған. Орман-тоғайларымыз жанға дауа және жеміс-жидек, дәрілік өсімдіктер мен жабайы аң-құстарға бай. Сонымен қатар бір гектар орманды жер бір гектар ауылшаруашылық алқабына қарағанда 3-10 есе оттегіні көп шығарады. Орман ішіндегі ауада қаладағы ауаға қарағанда әр түрлі микробтар 40-70 есе аз. Бір гектар орман алқабы жылына 50-70 тонна шаң-тозаңды тазартады.
Табиғат әлемі өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. Олар бір-бірінсіз тіршілік етіп, өмір сүре алмайды. Осы байлықты ел пайдасына айналдыру – біздің негізгі міндетіміз! Әр нәрсенің жауы бар демекші, осы әсем дүниені түп орнымен құртып жіберетін орманның үлкен жауы – өрттің болып тұратындығы ащы шындық. Өрттің кесірінен ағаш пен бірге қаншама құнды өсімдіктер түбірімен жойылып, жабайы аңдар күйіп қырылатыны белгілі. Өрттің шығу себептеріне келсек, үлкенді-кішілі топтар табиғат аясына шығып демалады. Сонымен қатар жеке шаруа қожалық малшылары мен жұмысшылары от жағып, ас әзірлейді, темекі тұқылын сөндірмей лақтыра салады. Ең өкініштісі, олардан соң күл-қоқыстар қалып, сөнбеген шоқтардан өрт шығып, табиғатқа үлкен зиян келіп жатады.
Өртенген ағаштарды қалпына келтіруге орта есеппен 50-60 жылдай уақыт керек. Бұл – бір адамның ғұмыры. Сондықтан жердің көркі, денсаулыққа шипа – орман алқабын, ондағы аң-құстарды тілсіз жау – өрт зардабынан қорғап, келешек ұрпаққа табиғи қалпында жеткізу орманшылардың ғана емес, осы табиғат аясындағы әрбір перзенттің қасиетті борышы екендігін ұмытпайық. Орман және дала өрттері орын алмасын десеңіз, өрт қауіпсіздігін сақтайық, ағайын! Өрт шыққан немесе байқаған жағдайда тез арада өрт сөндіру бөліміне телефон арқылы – 101, немесе Ақыртөбе КММ-нің – 5-34-97, 8705-737-10-33 нөмірлеріне хабарласыңыздар. Бұл сіздердің табиғатты қорғау жолында өз үлестеріңізді қосқандарыңыз болып табылады.