Қолданыстағы үйді жалға алудың жарты шығынын мемлекет төлейді

0 304

Елде қолданыстағы үйлерді жалға алу жеңілдейді. Енді шығынның жартысын мемлекет өтейді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше, бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.

Үкімет бұл мақсатқа жыл сайын республикалық қазынадан 51 млрд теңгеден астам қаржы бөлмек. Басты талап – үйді жалға алушы Қазақстан азаматы болуы шарт. Сондай-ақ соңғы 6 айдағы зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдарды есептемегенде отбасы табысы жан басына шаққанда 36 мың 18 теңгеден аспауға тиіс. Бұдан бөлек баспанаға мұқтаж ретінде тіркеуде тұруы және мәртебесін растауы міндеттеледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.