Қоғамдық даму институты өкілдері Талас ауданына келді

0 95

Ағымдағы жылдың 18 тамызында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ өкілдері Талас ауданына жұмыс сапарымен келді. Арнайы бекітілген бағдарламаға сәйкес, алғашқы жұмыс сапары Талас ауданы Берікқара ауылдық округінің орталығы Майтөбе ауылынан басталды. Қонақтар ауылдан шыққан меценат Еркінбек Қуатбектің демеушілігімен құны — 18,0 млн.теңгеге салынған спорт алаңшасымен танысты. Жұмыс сапары одан әрі аталмыш округке қарасты Қожағаппар ауылында жалғасты. Округ әкімі Ербол Тамдыбекұлы қадірменді қонақтарды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы бойынша өңір басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында ағымдағы жылдың 13 тамызында берілген баспанамен таныстырды. Ауылда жаңадан бой көтерген баспана ауыл тұрғындарының ұйғарымымен бұған дейін баспанасыз жүрген Дәулетбек Райымбековке берілген болатын.
Бағдарламаға сәйкес, келесі кезекте қонақтарға Қаратау қаласы, Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында орналасқан «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі таныстырылды.
Елордадан келген қонақтар Орталық саябақта
«Кітап-руханият кепілі» жобасы аясында орнатылған мобильді кітаптар жүйесімен танысып, өздерінің оң бағасын берді. Кітаптарды әдеттегідей кез-келген оқырман QR код арқылы жүктеп, оқи алады. Бұл ауданымыздың білімгерлері мен болашақ жастарымызға білімін шыңдауға зор мүмкіндік берері анық. Іссапар Қаратау қаласындағы «Әбдірашит ата» мешітімен қорытындыланды. Қонақтар ағымдағы жылдың маусым айында Таластан шыққан белгілі кәсіпкер Алпамыс Бақытұлының демеушілігімен салынған 350 адамға арналған зәулім «Әбдірашит ата» мешітімен танысты. Мешіттің құны 150,0 млн. теңге. Мешіт аумағында сауат ашу орны, асхана, наубайхана және т.б. қажеттілікке байланысты ғимараттар орналасқан. Келген құтты қонақтарға мешіт шырақшысы Нұрғали Шүленбаев қария ақ батасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.