Қазақты әлемге танытқан Абай

0 12

Шайқорық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақты әлемге танытқан Абай» атты поэзия кеші  өтті.

Жиынға Жамбыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Рысбаев, Жамбыл ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Д.Исмаилова және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Шара барысында кітапхана меңгерушісі Ж.Акшалова кіріспе сөзден бастау алып, іс шараны жүргізіп отырды. Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келетіндігін айта отырып, бүгінгі кешімізге келген Жамбыл ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Рысбаев Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» атты әнінен шырқады. Келесі сөз Абай Құнанбаевтың өмір жолы, шығармашылығы туралы кітапхананың кітапханашысы А.Абдикеримова баяндап берді.

Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырманы А.Баянбек ақын  Абай  Құнанбаевтың “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” атты өлең шумақтарын мәнерлеп оқып берсе, А.Рябынова «Сағаттың шықылдағы емес ермек», Н.Карабалаева «Күз» атты өлеңдерімен толықтырды.

Кеш соңында іс-шараға арнайы ұйымдастырылған «Қазақты әлемге танытқан Абай» атты кітап көрмені кітапхана меңгерушісі Ж.Акшалова таныстырып, библиографиялық шолу жасалды. Іс-шараға қатысқан қонақтарға алғысын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.