Қазақстанның ел бірлігі стратегиясы мемлекеттік тілден бастау алады

0 201

Тіл – қоғамдық өмірдің ұйымдасырушы, түрлендіруші басты күш болумен бірге, әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа инновациялық  жаңалықтарының жарқын айнасына айналуда.
Тіл туралы қабылданған заңдар мен мемлекеттік бағдарламалар әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдық рухани жаңарудың жаңа мүмкіндіктерін туғызды.
Жалпы айтқанда, жаһандану процесінде белгілі бір ұлттың тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болу, билік күшіне айналу кездейсоқтық құбылыс емес. Бұл сол тілде өсіп өркендейтін ұлттық мәдениет пен өнерді мемлекет өз қарауына алу деген сөз. Мемлекет қамқорындағы тіл сол тілде сөйлейтін ұлт пен ұлыстардың барлық қоғамдық мұқтаждықтары мен арман тілектерін өтей алатын дәрежеде болуы заңдылық.
Бұған дейін қабылданған заңдар мен қаулылар, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар халыққа білім беру, мәденит бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың  өз ана тілін сақтау, оны әрбір Қазақстан Республикасының азаматы терең сезінуі үшін ең алдымен мемлекеттік тілді толық меңгеру қажеттігін қоғамдық өмір мен болашақ бедері дәлелдеуде.
Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Қазақстан аумағында қолданылатын тілдердің қажетті функционалдық арақатынасына қол жеткізумен айқындалатын, оңтайлы әлуметтік-лингвистикалық кеңістік құруды көздеген болатын. Күтілген нәтиже де осы.
Қазақстанның ел бірлігі стратегиясы тіл саясаты негізінде қазақ тілін терең меңгеруге ұмтылдыру жүйесін қалыптастыру, қазақ тілін оқыту сапасын жақсарту, балаларды қазақ халқының мәдениеті мен салт – дәстүрлері негізінде тереңдетіп білім беру жүйесін қолдайды.
Осы бағдарлама негізінде оқу, өнер,  әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидар, ғылым, өндіріс, шаруашылық және халықаралық қарым-қатынастың қуатты құралына айналуда.
Тәуелсіздік қазақ елінің халқына қайтарған игі жақсылары көп-ақ. Соның ең бастысы-өз тілі арқылы азаттық пен ұлттық болмысымызды сақтап қалу мүмкіндігі. Қазақ деген халық үшін өз тілінде сөйлеу, төл тілінде ой қорыту сондай-ақ өзара қарым-қатынасқа түсу, билік құру… Өйткені тіл — ұлы күш-байлықтың ішіндегі баға жетпес асыл қазынасының ең бастысы. .
Қазақтың ардақты ұлы Ахмет Байтұрсынұлы өз кезінде «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» — деп бекер ой қорытпаса керек. Сондықтан да қазақ тілін «ана тілі» деп атаған. Мұндай атау жер бетіндегі ешбір елде, ешбір қоғамда, ешбір тілдің элиталық тобы бұлай атаған жоқ.
Тіл туралы ой-толғамдардың кешегісі мен бүгінгісін сараласақ әр буын өкілдері өзінше ой таразысынан өткізіп салмақтайтыны заңды құбылыс. Шындық та жөтел сияқты тамақта жыбырлап тұратынындай ұлты үшін ұйқысы қашқан бүгінгі элиталы топ өкілдері Абайша айтсақ «Іштегі шер не ауыздан сөз болып шығады, не көзден жас болып ағадының» кейпінде.
Дегенменен белгілі бір қоғамдық топтардың, бірлестіктердің, халық пен әлеуметтік ұйымдардың, қала берді мемлекеттің мақсат тілектері мен арыз үміттерін жиынтығы болып табылатын ұлттық идеологияның мызғымас бөлшегіне айналуда.
Кешегі өткен ғасырда  қазақ елі өз тәуелсіздігін алғанға дейін қазақ тілін ата-бабамыздың тілі деп келгендігін өз мойнына алатын уақыт жетті. Жұмыр жердің үстін мекен еткен 6 миллиардтан астам адамзат баласының 13 миллиондай қазақ ұлты өз орнын әлемдік ортада мызғымайтындай бекіткен ата-бабаларымыз қазақ тілін болашақтың тілі екеніне көзімізді жеткізіп еді ғой. Бұған дәлел ретінде елбасымыздың жолдауында «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» дей отырып, «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтардың саны 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады.»
Қазақ тілін меңгеру әрбір азаматтың табиғи ұмтылысына айналуы тиіс. Алдағы жылдары барлық қазақстандықтар, әсіресе, өскелең ұрпақ мемлекеттік тілді меңгеруі қажет.
Мемлекеттік тілді білу азаматтың жеке бәсекелестікке қабілеттілігінің, мансаптық жылжуы мен қоғамдық – саяси өмірге белсенді қатысуының маңызды факторына айналуы тиіс.
Елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін үкіметтен бастап, мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлер мен мемлекеттік емес ұйымдар да осы тілде сөйлеуі тиіс.
Тіл саясатының жүзеге асуы, ең алдымен, Қазақстан Республикасының азаматтарының мәдениеті мен парасатына, тілге деген құрметіне, жанашырлығына байланысты болмақ.
Мемлекеттің тіл тұрғысында ең алдымен әңгіме қозғалғанда халқымыздың белгілі бір топ өкілдері  ағылшын ғалымы Дэвид Кристалдың тіл туралы тұжырымдарын көлденең тартады. Оның зерттеулері бойынша жыл сайын жер бетінде шамамен 24 тіл жойылатындығын тілге тиек етіп және оның «Тіл жойыларда қостілділік пайда болады. Екі тілді ерткен екі мәдениет өзара шайқасқа түседі. Ақырында жеңімпаз мәдениеттің тілінде сөйлеушілер көбейеді. Ал әлгі жеңіліс тапқан шағын мәдениеттің тілінде сөйлеуден басқа емес, өзінің жас ұрпағы ұяла бастайды. Ана тілінде сөйлеуге қысылатын сол ұрпақ та «жеңімпаз мәдениеттің» аяғына жығылады. Аға ұрпақ – ата-ана қанша әуреленсе де, өз балаларына ана тілін үйретуге шамалары жетпейді. Ең өкініштісі де —  осында» [1] деген қағидасын басшылыққа ұстауда.
Жоқ біздің тарих парақтарында мәдинетіміз бірде-бір рет жеңіліс таппаған «Жабағалы жас тайлақ жердей атан болған жер. Жетім қалып бір тоқты жайылып мың қой болған жер. Жары менен сайы тең, жарлысы мен бай тең» деп гуманистік ұран Бекболат Тілеуханша айтсақ «Бабалар аманаты – бірлік еді. Қазтуғандардан қалған, қазақтан қалған үлгі» дейді. Тауып айтылған сөз-ақ.
Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ІV сессиясында сөйлеген сөзінде (Астана, 6 маусым 1997 жылы) «Ең алдымен мемлекет құрушы этнос ретінде қазақтың рөлін ұмытпауымыз керек. Қазақстанның тәуелсіздігі – қазақтарға тағдырдың тартқан сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қолы жеткен өз мемлекетін құруға деген заңды құқығы. Бұл даусыз тарихи және саяси фактіге ешкім күмән келтіруге тиіс емес» [2] деген болатын. Мемлекеттік тіл —          мемлекетіміздегі ел бірлігін қамтамасыз етудің маңызды факторы екендігінің дәлелі.
Елбасы өз сөзінің бірінде «Құрып бара жатқан тіл жоқ. Кешегі сайлауда бүкіл халық бірігіп, бір ұлт секілді дауыс берді. Ұлттар арасына жік салмау керек»,- деп аталы сөзді айтқан жоқ па?
«Шынтуайтына келгенде, әр жыл Мемлекеттік тіл жылы болуы тиіс. Мемлекет басшысының пікірі, міне, осындай…» деген Оралбай Әбдікәрімовтың сөзі Елбасымыздың сөзін айқындай түседі емес пе? Ел бірлігін қамтамасыз ету жолында Қазақстан Республикасының әрбір азаматының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың  маңызды, негізгі шарты болып табылады.
«Туған тілді қорғау – туған отанын қорғаудан да  мыңыздырақ» — деп еді түрік саясаттанушысы Бедретдин Далан «Отанды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір азат етеріңе сенесің. Ал жауланса – бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үлгерген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады»  Тағы да түрік азаматы Намық Кемел Зейбектің мына бір сөзі өзге ұлт өкілдерінің ұранына айналуы керек. Бұл да ұлт бірлігін нығайтудағы мемлекеттік тіліміздің  –  басты рөлі болмақ. «… Ұлттық сана – сезім болмаса… білімнен пайда жоқ… Білім керек, бірақ ол Қазақстанда қазақ тілінде берілуі керек… Мысалы, мен Түркиядан келген мұғалімдерге  «Егер үш айдың ішінде қазақша үйренбесеңдер, мен сізді жұмыстан қуып жіберемін деп айтамын. Неге десеңіз, бұл жер Қазақстан, біз мұнда қазақ тілін көтеруіміз керек.»
Дүние жүзіндегі дамыған өркениетті елдердің тәжірибесіне көз салсақ, тәуелсіздік алған елдер оны баянды ету, нығайту ісін рухани мәдениеттен, тілден бастауды негізге алған. Қазақ тілі өркендесе, тек Қазақстанда өркендейді. Егер қазақ өзінің ана тілінде сөйлемей, оны менсінбейтін болса, өзге ұлттың адамы да бұл тілді керексінбейтіні айдан-анық. Қашан да тілдің қолдану аясын кеңейтетін, өрістететін, дамытатын ең пәрменді құдірет-ауызба-ауыз сөйлеу тілі, кеңсе, іс-қағаз тілі, жиналыс-мәслихат тілі, балабақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында қолданылатын тіл, ғылым-білім, отбасы тілі болуы шарт емес пе? Сондықтан да елбасымыздың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек» деген сөзінің астары осыған негіз.
Қазақ халқының тіл байлығының бір өлшемі  — сөз байлығы. Бірақ сөз байлығы сөздердің санымен ғана емес, сапасымен де, мән-мағынасымен де өлшенеді.Соған қарағанда, қазақ тілі өркениетті бірде-біреуінен кенде емес, сөздік қоры 1 миллионға жуық мағыналық бірлікте. Адамзат қоғамы бүгін аса жылдам қарқынмен дамып келеді. Өркениет көшінен қалмай, ғылымы мен білім беру жүйесі озық елдердің, Ыбырайша айтқанда  «өнер-білім бар жұрттардың» қатарында болуды ескерген жастарымыз үшін мемлекеттік тілді білу заман талабы екенін ескеріп, соған сәйкес қадам жасауға тиіспіз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.      Олар өз ұрпақтарының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр… күллі әлемге, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деуі ұлт бірлігі жолындағы ел болашағының іргесін бірге қалаудағы алғы шарты деп білеміз.
Халықтың ұлтық болмысын сақтай отырып тарихта қалуы өз тіліне байланысты. Қазақ тілі – тек біздің мелекеттік тіліміз ғана емес, ол біздің мәдениетіміз. Біздің тарихи ұлтпыз деп айтуға толық негізіміз бар. Өйткені мемлекеттік тіліміз ұлт бірлігінің қанатына айналды. Әлі де бұл сара жолда атқарар жұмыстар көп-ақ. Қазақ «Көп түкірсе көл» демей ме?… Қазақ тілін мемлекеттік тіл  ретінде терең зерделей отырып, білім беру саласында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен бастап жоғары оқу орындарына дейін ғылым негіздері қатарына кіретін пәндер ретінде оқытылуды бүгінгі әлеуметтік орта мен қоғамдық өмір қажет етуде. Қазақ тілі  — еліміздің тірегі. Сондықтан да еліміздегі өзге ұлт тілінің дамуына да жетекшілік жасауы қажет. Бұл жолда ең алдымен мемлекеттік тілдің бәсекелестікке қабілетті қызметіне дем беруіміз қажет.
-Мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару жүйесіндегі беделін арттыру жұмыстарын жетілдіру;
-Халықаралық қатынастарда – мемлекеттік тілді дипломатиялық мақсатта пайдалану аясын кеңейту;
-Мемлекеттік тілді бұқаралық ақпаратта, ғаламторда, саяси-әлеуметтік және үгіт-насихат құралы шеңберіндегі аясын молайту;
-Ғылымның жетекші салаларында пайдалану шеңберін ұлғайту т.б
Осындайда қасиетті Күлтегін жырындағы мына бір қанатты  сөз еріксіз ойға оралады «Жырақ болса, жаман сыйлық берер, жақын болса, жақсы сыйлық берер». Әрине «Жұқаны бүктеу – оңай, жіңішкені үзу оңай. Жұқа қалыңдаса алып бүктейді, жіңішке жуандаса алып үзеді»[3] дегендей ел қалауларынан Елбасына дейінгі азаматтарды ұлы грек ойшылы Платонның сөзімен айтсақ «Ұл тәрбиелеп отырып, жердің иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелеп отырып, ұлт тәрбиелейміз» — дегендей ерен еңбектерін үнемі бағалап отыру қажет-ақ.

Кусёва Салтанат Жумабековна,
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Антон Макаренко атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі

Leave A Reply

Your email address will not be published.