Қазақстандық альпинист Эверест шыңын бағындырды

0 306

 Тараз тұрғыны Эльбрус шыңын бағындырды. Анвар Ханбабаев Ресей, Кавказ бен Еуропаның ең биік нүктесіне шығып, еліміздің көк байрағын 5 мың 642 метр биіктікте желбіретті. 

 «Бұл менің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасаған тартуым» дейді альпинист. 34 жастағы азаматтың мамыр айында басталған сапары 8 күнге созылған. Бұл идеяны ол бірнеше жыл бұрын бастап жүйелі түрде жаттыққан. Кейін 10 адамнан тұратын ресейлік альпинистер тобына қосылып, жоспарын жүзеге асырды. Қазір ол елге оралып сүйікті ісін жалғастырып жатыр. Келешекте Эверест пен Килиманджаро шыңдарын бағындырмақ.

Анвар Ханбабаев: «Шыңды бағындыру оңай шаруа емес екендігіне тағы да көзім жетті. Аяз, боран. Оттегі жетіспейді. Артқа шегінуге намысым жібермеді. Туған-туыстарым, жерлестерімнің қолдауының арқасында мақсатыма жеттім. Түскі сағат 12:18 шамасында Эльбрусқа көтерілдім. Қазақстанның туын шығарып желбіреттім. Көкірегімді мақтаныш кернеп, ерекше сезімге бөлендім. Осылайша Егемендігіміздің 30 жылдығына ерекше  үлес қосқым келді», — деді.

 

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.