«Қазақстанда Жириновскийдің тәттілері таратылыпты» – журналист

0 764

Журналист Жеңіс Құспан Facebook-тегі парақшасында «Бұлар жынды ма?» деген тақырыппен Тараз қаласындағы N13 мектепке Жироновскийдің Ресей Либерал демократиялық партиясының атынан келген тәттілер мен кеңсе таураларының таратылғанын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Оның жазбасының астына желіні қолданушылар пікірлерін қалдырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас Прокуратурадан жауап күтетіндерін айтқан.

«Азғыру, арандату сұмдық қой! Орыс мектебі болар?! Қазақ балаларын жағымсыз жағдайға мәжбүрлеп жүргендер кімдер?! Ұлт болашағына балта шапқысы келетіндер анықталуы тиіс!», «Ештенеден хабары жоқ адамның ісі немесе әдейі істеген. Жан-жақта не болып жатқаныңа мән бермейтіндер көп. Айтқанды істеп, мән-жайына үнілмей, жүре береді», «ҰҚК бар ма өзі бізде?» және басқа да пікірлер жазып, реніштерін білдірген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.