Қазақстанда жекеменшік банктерге де жеңілдетілген ипотека беру құқығы берілді
Фото: pexels.com
Енді елімізде жеңілдетілген ипотеканы тек Отбасы банк қана емес, жекеменшік банктер де ұсына алады. Тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесіне қатысты заңға өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа түзетулерге сәйкес, барлық екінші деңгейлі банктерге «Тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесіне» қатысу мүмкіндігі беріліп отыр. Бұдан былай жеке қаржы ұйымдары да баспанаға арналған депозит ашып, сол жинақ негізінде ипотека беру қызметін жүзеге асыра алады. Бұған дейін бұл жүйе тек Отбасы банк арқылы ғана қолжетімді болған
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Современные тенденции развития онлайн-торговли демонстрируют четкое движение в сторону децентрализации и анонимности. Ярким примером служат платформы, доступные через kraken marketplace для приватной коммерции, которые объединяют участников из разны стран мира.
«Үкіметтің көмегінсіз, қаржысыз, мемлекеттік сыйақысыз жүзеге асыру банктерге қиын болады. Бір жағынан қызық та болмайды. Мысалы, жеке адамды алсақ ол ертең қарайды. Отбасы банкте қандай мүмкіндіктер бар? Біріншіден, мемлекеттік сыйақыға, екіншіден 5-7 пайызды мемлекеттік бағдарламалары бар. Сондықтан Отбасы банк пен басқа банктердің мүмкіндіктері бірдей болу керек», –деді қаржы сарапшысы.
Бірақ экономист жинақ жүйесіне барлық 20-дан астам банкті қатыстырудың қажеті жоқ деп санайды. Тұрғын үй депозиттерін ары кетсе 3 ұйым ашқаны жөн деген пікірде. Ал халыққа сыйлықақы төлене ме, жоқ па маңызды емес. Бастысы несиенің пайызы төмен болса болғаны деп отыр.
Айта кетейік, заңға өзгерістер енгізілгенімен, екінші деңгейлі банктерге қойылатын қосымша талаптар әзірге нақты жарияланған жоқ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәселеге қатысты толық түсіндірме берген жоқ. Ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жекеменшік банктердің жүйеге қосылуы бәсекелестік пен халықтың таңдау мүмкіндігін арттырады деп мәлімдеді.
- Қазақстанда 31 қаңтардан бастап зейнетақы жинақтарын ипотека пайызын төлеуге қолдануға болмайды
-
«Отбасы банк» жеңілдетілген тұрғын үй алу ережелерін жеңілдетті
Еске салайық, бұған дейін алты айдан кейін ипотека арзандауы мүмкін екенін жазған едік. Шілдеден бастап баспана несиесінің жылдық мөлшерлемесін 25%-дан 20%-ға дейін шектеу жоспарланып отыр. Қаржы нарығын реттеу агенттігі бұл бастама ипотеканы халыққа қолжетімді етеді деп отыр. Алайда экономистер керісінше, инфляция мен базалық мөлшерлеме жоғары болғандықтан банктер ипотека пайызын төмендете алмай, нарықтағы несие көлемі 30-40 пайызға қысқаруы мүмкін екенін айтады. Сарапшылардың пікірінше, ипотека арзандаса сұраныс өседі, бірақ бұл өз кезегінде пәтер бағасының қымбаттауына әсер етуі ықтимал.