Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицид көбейген: Министр себебін айтты

0 300
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылы Қазақстанда 248 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттің негізгі себептерін тізіп берді.

“Үш жағдайдан біреуі туыстарымен келіспеушіліктен өзіне қол салады. Жалғыздықты сезіну салдарынан суицидке баратындар 12 пайыз, достарымен қарым-қатынастың үзілуіне байланысты — 10 пайыз, оқу орнындағы жанжалдар, қаржылық жағдайы нашар болуына байланысты өзіне қол жұмссайтындар саны — 3 пайызды құрайды. Биыл суицидке 248 әрекет жасалды. 164 кәмелетке толмаған балалар құтқарылды. Өкінішке орай, 84-і көз жұмды», — деді Тұрғымбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.