Қазақстанда бір жылда 227 дәрігер коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

0 28

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті пандемия кезінде коронавирус пен пневмониядан қанша дәрігер қайтыс болғанын айтты.

«2021 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда пандемия басталғаннан бері медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясынан 121, пневмониядан 106 өлім жағдайы тіркелді», — делінген комитеттің ресми сауалға берген жауабында.

Айта кетейік, пандемия кезеңінде дәрігерлер тарапынан тиісті өтемақы төленбеуі, жұмыс жағдайы, сапасыз жеке қорғаныс құралдары туралы шағымдар бірнеше рет айтылды. Жақында ШҚО жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері тамыздан бері коронавирус жұқтыру қаупі үшін тиісті өтемақы төленбегенін хабарлады.

Tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.