Қазақстан әскері Африкаға жіберіледі

0 396

Парламент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия, Конго, Мали және Ливандағы БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысын мақұлдады.

Қорғаныс министрі Парламент палаталарының бірлескен отырысында БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің миссиясына қатысу үшін шамамен 430 әскери қызметшіні Қарулы күштердің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсыныс енгізетінін айтты.

– Конституцияның 53-бабы 5-тармағына сәйкес БҰҰ-ның Орталық Африка Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі көпбейінді кешенді миссиясына, БҰҰ-ның Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі миссиясына, БҰҰ-ның Малидегі тұрақтандыру жөніндегі көпбейінді кешенді миссиясына, БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің миссиясына қатысу үшін шамамен 430 әскери қызметшіні Қарулы күштердің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсыныс енгіземін, – деді Жақсылықов.

 

Сондай-ақ, Қазақстанның штабтық офицерлер мен әскери байқаушылар ретінде жекелеген әскери қызметшілерді, БҰҰ миссияларында барынша сұранысқа ие жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік әскери полиция бөлімшелерін бөлуге дайын екенін білдірді.

– Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Біз Қазақстаннан БҰҰ-ға бес бөлімшені ұсындық. Олардың барлығы дайындықтың әртүрлі деңгейінде. Бөлімшелерді бірден емес, өтінім бойынша жібереміз. Бізге миссияны орындауға дайындық бойынша баға беріледі, – деді Жақсылықов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.