Қасым-Жомарт Тоқаев: «Түркі мемлекеттері ұйымы – әскери одақ емес, түркі әлемінің бірлігі мен өркендеуінің стратегиялық тұғыры»
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Ұйымның басты мақсаты бауырлас халықтардың бірлігін нығайту және ортақ дамуға жол ашу екенін ерекше атап өтті
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Президент соңғы уақытта Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс немесе геосаяси құрал ретінде сипаттауға бағытталған пікірлерге нақты жауап берді. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай көзқарастар шынайы мақсатты бұрмалап көрсетуге бағытталған.
«Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес, әскери ұйым да емес. Бұл – сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты күшейтетін бірегей алаң», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, түркі әлемінің бірлігі – қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы маңызды стратегиялық басымдық. Ортақ тарих, тіл және мәдениет бауырлас мемлекеттердің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Қазақстан үшін Түркі мемлекеттері ұйымын дамыту ұлттық мүддеге толық сәйкес келетінін атап өтті. Бұл бағыт елдің экономикалық әлеуетін арттыруға, технологиялық серпіліс жасауға және халықаралық ықпалын күшейтуге ықпал етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген нақылын келтіріп, түркі халықтарының ауызбіршілігі ортақ табыстың негізгі кепілі екенін айтты.
Президенттің айтуынша, Түркі мемлекеттері ұйымы – бауырлас елдердің күшін біріктіріп, болашаққа сеніммен қадам басуына мүмкіндік беретін тарихи маңызы зор интеграциялық алаң.
https://baq-orda.kz/article/qasym-zomart-toqaev-turki-memleketteri-uiymy-askeri-odaq-emes-turki-aleminin-birligi-men-orkendeuinin-strategiialyq-tugyry
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.