Қаржы көлемі емес, нақты нәтиже маңызды!
Бүгінгі Палата отырысында Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері және бірқатар заңдар қаралды.

Талқылау барысында 2025 жылы экономиканың 6,5 пайызға өскені атап өтілді. Дегенмен бюджетті жоспарлау сапасы, борыштық жүктеме, өңірлердің орталыққа тәуелділігі және қаржының тиімсіз бөлінуі сияқты мәселелерге назар аударылды. Сенат Спикері бюджет қаражаты нақты нәтиже беретін жобаларға бағытталуы тиіс екенін айтты.

Отырысқа Қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата Төрағасы Әлихан Смайылов, сондай-ақ Үкімет мүшелері мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Сонымен қатар Палата отырысында экология және экономиканы жетілдіруге қатысты заң бірінші оқылымда қаралды. Ол экологиялық бақылауды күшейтуге, цифрландыруды дамытуға және рұқсат беру рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.
Сәкен Арубаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты