Қарулы күштерде сержанттар күні аталып өтілуде

0 130

Бүгін Қарулы күштердің кіші командирлері кәсіби мерекесін атап өтуде. 1996 жылы шілде айының бірінші күні Қазақстан Республикасының Президенті Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл оқиға кәсіби сержанттар құрамының қалыптасуы мен даму тарихындағы негіз болып, Сержанттар күні ретінде Қарулы күштердің атаулы күндер күнтізбесіне енді.

Қазақстанның кәсіби сержанттар корпусы 30 жыл ішінде айтарлықтай дамыды.

Бүгінгі күні сержанттар армияның ажырамас бөлігі, қатардағы жауынгерлер құрамның әскери қызметшілері командирлер талаптарының негізгі жолсерігі.

Сержанттың міндеттері әр қырлы және күрделі. Сержанттар сарбаздарға неғұрлым жақын командирлер ретінде жеке құрамды тәрбиелеуге, оқытуға және қамтамасыз етуге мол үлес қосып келеді. Офицерлерге әскерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін ұйымдастыру бойынша шешімдерін іске асыру арқылы жан-жақты көмек көрсетеді.

Тұтастай алғанда жеке жауынгерлік машығы, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі және бөлімшелердің жауынгерлік міндеттерді орындау қабілеті сержанттар құрамының беделі, тәжірибе мен біліміне байланысты.

Бұл күн Қарулы күштеріміз үшін маңызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.