Қарақалпақстанда төтенше жағдай жарияланды

0 360

Шавкат Мирзиёев республика аумағында 3 шілде мен 2 тамыз аралығында төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Жарлығымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында Қарақалпақстан Республикасы аумағында сағат 00:01-ден бастап төтенше жағдай режимі енгізілді. 2022 жылғы 3 шілдеден 2 тамыз 00:00-ге дейін» делінген хабарламада.
Ал осы уақытта алаңға шыққан адамдарға қарсы қару мен жеңіл дыбысты гранаталар қолданылғаны хабарланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.