Қар толығымен тазалануда

0 36

Сарысу ауданы көлемінде 2021 жылдың 13 наурызында сағат 11:00 ден бастап калың қар жауып тұр.

Осыған байланысты Облыстық маңызы бар жолдарды тазалауға яғни Жаңатас-Байқадам тас жолы; Жаңатас-Ақтоғай шекараға дейің Сарысу жолдары ЖШС-нің тарапынан 2- ЗИЛ 130, 3 –Камаз, 25- тиегіш, 1 – МТЗ 80 техникалары қар тазалауға шыққан.

Қардың қалыңдығы 45-50 см болғандықтан және боран басталғаннан кейін жұмыстар тоқтатылған болатын.

Жаңатас-Ақтоғай бағытында 13 наурызында сағат 10:00-2:00-дің аралығында жолда батып кеткен 8-10 авто көлектірді Сарысу ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің тарапынан жұмыстар жүргізіліп, қалып кеткен адамдардын бәрін түгел алып кеткен болатын.

Жаңатас қаласының ішінде «МирАйСаудакент» ЖШС-нің тарапынан қар тазалау жұмыстары қазіргі уақытқа дейін атқарылуда.

Жұмылдырылған техникалары 1-К 700, 1- МТЗ 80, 1-тиегіш, 1-Камаз, 1- автогрейдер.

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2021 жылдың 14 наурыздағы сағат 8:10-де №6 шешіміне байланысты ауа райы нашарлауына, қөқтайғақ және боран көтерілгеніне байланысты «Куюк-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас» автожолының 66 -140 шқ аралығында ьарлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген.

Ауылдық округ әкімшіліктердің тарапынан ауылдардың ішінде тазалау жұмыстары жүргізуде, қар тоқтағаннан кейін құм, тұз себу жұмыстары басталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.