Қапшағай қаласының атауы өзгеретін болды

0 242

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне қайта атау ұсынылған деп жазды turkystan.kz.

Қалалық мәдениет бөлімі басшысының айтуынша, өткен аптада Қапшағай әкіміне елді мекеннің атын өзгерту жөнінде ондаған ұсыныс түскен.

Депутаттардың дауыс беруі нәтижесінде Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданған.

Енді қала атауын өзгерту туралы соңғы шешімді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауы керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.