Қамқалылықтардың қам-қарекетін көзімен көрді

0 38

Кеше Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев және арнайы топ мүшелері Қамқалы ауылдық округіне іссапармен барды.

Оларды округ әкімі М.Төлеутай және жергілікті полиция инспекторы Қ.Арқабаев округ шекарасынан күтіп алды.

Округ әкімі ауылдық округтің әлеуметтік жағдайы туралы хабарлама жасады.

Аудан әкімі жұмыс сапарын Шығанақ ауылдық клуб үйінен бастады.

Келесі кезекте С.Сейфулин атындағы орта мектебінде болды.

Білім беру мекемесінің директоры Қ.Исақов мектептің тыныс тіршілігімен таныстырды.

Аудан басшысы Шығанақ ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауыл қариялары аудан басшысының жұмысына сәттілік тілеп, Шығанақ пен Досбол ауылдары арасындағы облыстық маңыздағы күре жолды жөндетуді сұранды.

Ауыл қариясы А.Баушенов совхоз кезінде салынып, пайдалануға берілген ауылдық клуб үйін күрделі жөндеуден өткізу керек екендігі туралы ұсынысын білдірді.

Содан соң ауылдық медициналық пункітінде болып, ахуалымен танысты.

Мұнан әрі аудан басшысының жұмыс апары Қамқалы ауылында жалғасты.

Ауыл орталығындағы Т.Әубәкіров атындағы негізгі мектепте болып, мектептің бос тұрған бөліктерін арнайы спорт үйірмелерін және басқа да қажеттілікке пайдалану мақсатында жөндеуден өткізу туралы ұсынысын білдірді.

Ауылдық медициналық пункітте елдің денсаулық жағдайымен танысты.

Сондай-ақ, іссапар Жайлаукөл ауылында жалғасты.

Ауылдық кітапханаға барып рухани орданың жай-күйін көрді.

Әдеттегідей ауыл қарияларымен жүздесіп, ақбаталарын алды.

Жайлаукөл ауылдық акушерлік амбулаториясында болғанда, келесі жылы салынуы жоспарланып отырған 30 келушіге арналған медициналық пунктті биылғы жылы салу туралы қариялардың ұсынысын облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы шешу жолддарын қарастыратынын жеткізіп, ауылдықтарды қуантып тастады.

Жайлаукөл орта мектебінде мектеп директоры А.Билібаев мектептің дәстүрлі оқу пороцесімен оқып жатқанын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.