Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары қамауға алынды

0 541

Антикор Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялар – кірме теміржол желілерінің (соңғы шақырым) иелерінің ұрлығының қосымша фактілері анықталды.

«Бұл тұлғалар мемлекеттік қызметкерлердің көмегімен еліміздің қала құраушы кәсіпорындарына кіреберіс жолдар қызметтерінің тарифін негізсіз жоғарылату арқылы миллиардтаған доллар пайда тапқан, бұл азаматтардың өмірін қамтамасыз ететін қызметтердің бағасының өсуіне әкелген», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі серіктестіктің басшылары сот санкциясымен ұсталып, қамауға алынды. Айыптаулар бойынша соңғы шешімді сот анықтайды. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.