«Қайрат Сатыбалды Дикий Арманды түрмеден шығарып алған» — саясаткер

0 568

Қазақстан» қонақ үйінде өткен жиында Қайрат Сатыбалдының Дикий Арманды оппозицияға қарсы қалай пайдаланғаны жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

«2005 жылы 2 мамыр күні парламент сайлауының қарсаңында Шымкентте бас қостық. Екі-үш күн бұрын Қайрат Сатыбалды Шымкентке келіп, Дикий Арманмен сөйлесті. «Сені түрмеден шығарамыз. Ертең оппозицияны «қарсы алып, шығарып» саласың. Біз сені босатамыз», — деп уәде берген.

Сөйтіп, адам өлтіріп, түрмеде отырған Дикий Арманды шығарып алған. Ол бір әйелді атып тастағаны үшін қамалған еді.

«Ол 100-200 бандитті жинап, біз жиналып отырған залға басып кіріп, топалаң жасады. Сот болған кезде Дикий Арман темір тордың арғы жағынан қолын беріп: «Аға, кешіріңіз. Маған өтініш жасады», — деп, кешірім сұрады. Оған биліктің адамдары тапсырма берген еді», – деді Болат Әбілев.

Саясаткер қылмыс әлемінің тәсілдерін, өкілдерін саясатқа араластыруды тоқтатуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.