Путин Ресейді қорғау үшін ядролық қару пайдалануға дайын

0 544

Ресей президенті Владимир Путин Батыс елдері Ресейдің күйреуі туралы сөз қозғап, ядролық қаруды қолдануы мүмкін екенін айтты.

Путин елдің тұтастығын қорғау үшін қолындағы барлық мүмкіндікті пайдалануға дайын екенін алға тартты.

 

Оның айтуынша, НАТО Ресейдің оңтүстігінде «барлау жүргізіп жатыр». Путин өз сөзінде ядролық қару Ресейде де бар екенін еске салды.

«Біз халқымызды қорғау үшін барлық құралдарды қолданамыз. Бұл жай айтылған ескерту емес. Біздің тәуелсіздігіміз бен еркіндігіміз қолда бар барлық құралдармен қорғалады» деді Путин.

Ол Батыс елдері Украинаны Ресейге қарсы пайдаланып отыр деп есептейді.

«Батыстың мақсаты – елімізді әлсірету, бөлу және түптеп келгенде жою. Олар 1991 жылы Кеңес Одағын ыдыратқанын, енді Ресейдің өзін де ыдыратудың кезі келгенін тікелей айтып жатыр» деді президент.

Leave A Reply

Your email address will not be published.